Жамбыл облысында жастардың дерекқоры жасақталды

Қазіргі таңда Жамбыл облысында екі жүз қырық мыңнан аса жас бар. Бұл облыс халқының 21 пайызы деген сөз. Биылғы қазан айындағы Жолдауында Елбасы келер жылды «Жастар жылы»» деп атап, сенімділік пен серпін берді. Жамбыл облысында жастарға арнап жасалынып, сондай-ақ жаңадан қолға алғалы жатқан тың идеялар мен жобалар баршылық. Мәселен, өңір жастарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша межелік көрсеткіштер белгіленді. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Бұл туралы  “Баласағұн” ОКЗ-да өтіп жатқан жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді. Бүгінде Жамбыл облысын дамытудың 2016-2020 жылға дейінгі бағдарламасында жастар саясатына қатысты 2 индикаторлық көрсеткіш бар. Біріншісі, жастардың жалпы санындағы еш жерде оқымайтын, еш жерде жұмыс істемейтін көрсеткіші бойынша облыстық жоспары орындалды. 2017 жылы ол 10,7% шегінде болса, ағымдағы жылдың ІI тоқсанындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 9,2 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың есепті кезеңінен 5% төмен.

— Жастарға саналы тәрбие мен заман талабына сай сапалы білім беру – баршамызға ортақ міндет. Олармен жұмыс жүйелілікті, мақсатты жоспарды талап етеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі есепті мерзімде 2,4% құрады.  Сол сияқты, NEET (жұмыссыз, оқымайтын) санатындағы жастардың үлесі былтырғы 15,7%-дан 9,2%-ға дейін кеміді. Бұл жұмыстарды мейлінше оңтайландыру мақсатында іс-қимыл жоспары. Жоспарға сәйкес, 14 мыңға жуық жұмыссыз, өзін-өзі нәтижесіз еңбекпен қамтыған жастардың және оқу орнын аяқтаған түлектердің дерекқоры жасақталды. Аталған санаттар бойынша жоспарды ары қарай жүзеге асыратын боламыз. Жастардың кәсіпкерлігін дамытуға тиісінше мән берілуде, — деді облыс басшысы.

Биыл тұңғыш рет облыста Zhas Project (жас прожект) жастар корпусын дамыту жобасы сәтті жүзеге асуда. Жоба – кәсіпкерлікке бейімі бар осал топтағы жастарға бағытталған. Қазіргі таңда 222 жоба қолдау тауып, 435 млн.тг. инвестиция тартылды.

Облыстағы жастардың жалпы саны 240 222 құрайды. Соның ішінде, 90 763 қалада болса, ауылдық елді мекендегі жастар саны 149 459 шамасында болып отыр. Жалпы, жастар облыс халқының 21,5% құрайды. 2018 жылы облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 574,6 млн теңге қарастырылған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2017 жылы бұл мақсатқа 571,5 млн теңге бөлінген.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444