Инвестициялық жобаның маңызды бір бөлігі

Түркістан облысында фармацевтика өндіріс мықты дамығаны белгілі. Бүгінде өзге де дәрі шығаратын өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр.  «Химфарм» акционерлік қоғамы бүгінде еліміз ғана емес, шетел нарығына да танымал. Ашылғанына көп уақыт бола қоймаған 600 миллион таблетка шығаруға қауқарлы қатты дәрілер шығаратын цехы бүгінде өнім шығаруды қарқынды түрде қолға алған. Аталған жобаға мемлекеттік бағдарламалардың қосып отырған үлесі аз емес. Индустриалдық инновациялық даму бағдарламасының қосқан үлесі де қомақты. Жалпы құны 13,5 миллион АҚШ доллары болатын бұл жобаның елімізде бәсекелесі жоқ. Салалық GMP стандарына толық сай келетін бұл цехта жылына түрлі дертті емдеуге арналған 20 миллионнан астам қорап дәрі шығарылады. Алдағы уақытта цех жылына 600 миллион таблетка шығаруды жоспарлап отыр. Оған мүмкіндігіміз толық жетеді дейді компания өкілдері. Өнімнің 80 пайызы ішкі нарыққа, қалған 20 пайызы экспортқа жіберіледі деп жоспарлануда дейді олар. Қатты дәрі шығаратын өндіріс цехы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда 72 адам жұмыспен қамтылса, олардың басым бөлігі арнайы Polpharma тобының үздік өндіріс орындарында оқып келген. Бұл жоба – күнгейдегі инвестициялық жобаның маңызды бір бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда зауытта 1200-ден астам жоғары білікті маман жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444