Инвесторлар есебінен салынуда

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Шаян ауылынан бір пәтерлі 20 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы Астананың 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді. Сонымен қатар 2 қабатты 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үйдің құрылысы Алғабас, Боралдай, Мыңбұлақ ауылдарында жүргізілетін болады. Бұдан бөлек Шаян ауылынан 2 қабатты 16 пәтерлі 5 үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Ағыбет ауылдық мәдениет үйінің құрылысы биыл басталды. Сонымен қатар Ақтас, Амансай ауылдарынан мәдениет үйінің, Шаян ауылындағы мәдениет үйіне жапсарлас ғимараттың және 100 мың кітап қорына арналған орталық кітапхана құрылысына жобалық сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптамадан өткізілуде.

Инвесторлар есебінен Шаян ауылынан жалпы құны 1,3 млрд теңгеге спорттық нысандар салынуда. Онда жабық жүзу бассейіні, жабық теннис корты  және үш спорттық алаңдар бар. Аталған нысандар биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Одан бөлек Шалдар, Боралдай, Жамбыл ауылдарынан спорт зал құрылысына және Домалақ ана мектебіне жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Қызылсай» каналының жобалық сметалық құжаттамасы мен «Сарқырама» суқоймасы құрылысына техникалық экономикалық негіздеме әзірленуде.

Сонымен қатар, Ағыбет ауылынан уақ малды шомылдыруға арналған тоғыту әуіті мен ветеринариялық бекет құрылыстарының  жұмыстары аяқталуда.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444