Индустриалдық даму бағдарламасына үлес қосып отыр

Түркістан облысына қарасты Мақтарал ауданындағы Асықата кентіндегі «Ақ алтын» мақта зауыты мақта шикізатын дайындайды. Жоғары технологиялық процес арқылы өнім өндіріледі. Құрылғанына жарты ғасыр толған Оңтүстіктегі іргелі кәсіпорынның бірі. Мұнда 265 адам жұмыспен қамтылған. Мақта зауыттарының ішінде жалғыз «Ақ-Алтын» АҚ ғана мақтаны өңдеудегі қалдықсыз жаңа технологияны пайдаланады. Зауыт мақта  өнімдерін шетелге экспорттауда және ішкі нарықта сатуда. «Ақ-Алтын» мақта зауыты Қазақстан егемендік алғалы бері шаруалардан  915310 мың тонна ақ мақта жинаған. Ал өз қызметінің 50 жылында 1млн 600 мың тонна шитті ақ мақта қабылдап, оны өңдеп, халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының өркендеуіне үлкен үлесін қосып келеді Қазіргі таңда «Ақ-Алтын» мақта зауыты Мақтарал ауданында мақта өсіретін шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдармен тығыз байланыста. Жылына 60 мың тонна мақта шикізатын дайындап, оны ТМД мемлекеттеріне экспорттайды.  Қазақстандағы тұқымдық шиттiң 70-80 пайызын дәл осы кәсіпорын дайындайды. Мақтарал ауданының облыс ауыл шаруашылығын дамытуға қосып отырған үлесі орасан.  Осы ретте диқандар мен шаруаларға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде қолдау білдіріліп отыр. Облысымыздағы шаруа қожалықтары кооператив боп бірігіп, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы мен «Ырыс» шағын қаржы ұйымының қаржылай қолдауына ие болып, табыстарын еселеуге мүмкіндік алды. Өз кезегінде мемлекеттік бағдарламалардың ішінде индустриалдық даму бағдарламасының қосып отырған үлесі де баршылық.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444