Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 731,3 млн. теңгеге межеленген

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі 12 731,3 млн. теңгеге межеленген. Ағымдағы жылдың 6 айында 6811,5 млн теңге орындалып, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 135,6% (2017 жылдың 6 айында 4813 млн. теңге) орындалды.  Ағымдағы жылдың 6 айынының қорытындысымен пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 6913 ш.м. орындалып (жылдық жоспар 12 240 ш.м.), өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 114,3 % (2017 жылдың 6 айында 6045 ш.м.) орындалды. Есептік мерзімде аудан көлемінде 11 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 2017 жылдан 8 нысанның құрылысы өтпелі болса, 3 нысанның құрылысы ағымдағы жылы басталды. Өткен жылы құрылысы басталған (облыстық бюджеттен) О.Орманов, Б.Момышұлы, Ақтау, Ж.Жүнісбеков, (аудандық бюджеттен) С.Жиренов мектептерінің құрылысын ағымдағы жылдың 1 қыркүйек білім күні пайдалануға берілсе, Жаңаталап  мектебінің құрылысы 2019 жылға өтпелі. Биылғы жылы Қосбұлақ, Досан мектептерінің құрылыстарының жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.

Ауданда жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алуға 1 353 азамат кезекке қойылған. Оның 984-і Шаян ауылында тіркелген. Осы кезекке қойылған азаматтардың санын азайту мақсатында 55 га жер теліміне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның өтпелі құрылысы  аяқталып, 326 азамат жер телімімен қамтамасыз етілуде.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444