Өнім қолжетімді бағада ұсынылады

«Алем БT» ЖШС — бұл өндірісінде Оңтүстік Кореялық жоғары сапалы жабдықтарды пайдаланатын шұлық бұйымдарының «бизнес» және «эконом» санаттарының ең ірі өндірушісі. Зауыттың жалпы аумағы 12000 шаршы метрден астам аумақты құрайды. Зауыттың Түркістан облысындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасуы жергілікті халықты сапалы өніммен қамтуға, сонымен қатар өнімді экспорттауға зор мүмкіндік береді. Өнім өндірісі екі есеге ұлғаю мүмкіндігімен жылына 15 миллионнан астам жұпты құрайды. Зауыт — корей технологиясы мен қазақстандық кәсіпкерліктің біріккен жұмысының нәтижесі Біздің ұжымның басты мақсаты — өндірістің сапасын қатаң бақылау және вертикалды интеграциялау. Сол себепті өндірісті сапалы жүргізуге және өнімнің кең спектрін ұсынуға мүмкіндік беретін бояу цехы мен синтетикалық жіптерді өндіруге арналған жабдықтар сатып алынды. Стилі және дизайны әртүрлі өнімдерге ортақ нәрсе — дәлелденген корей сапасы. Зауыттың жұмысының алғашқы күнінен бастап біз жоғары техникалық сапаға және клиенттерге деген құрметке сүйенеміз. Компания келесі бірегей технологияларды қолдана отырып, корейлік жабдықта табиғи шикізаттан балалардың, ерлер мен әйелдердің шұлықтарының желісін шығарады: өндірісте қолданылатын жіптерді бояуда ЭКО маркасын өндірілген шұлық бұйымдарына қоюға мүмкіндік беретін кореялық OH YOUNG INDUSTRIAL CO., LTD компаниясының табиғи бояғыштары қолданылады. Жоғары сапалы шұлықтар бүкіл Қазақстан бойынша қол жетімді бағамен енді «Әлем БТ» ЖШС Қазақстанда тек ғана «ALEM socks» брендінің атынан шығарылатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444