Егістік жер айналымға қосылады

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының  әкімі Қ.Абдуалиевтің төрағалығымен су шаруашылығы саласы бойынша мердігер мекемелер мен ауыл шаруашылығы мамандарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ауқымды мәжіліс өтті. Мәжіліс барысында мердігер мекемелер мен ауыл шаруашылығы мамандарына тиісті тапсырмалар берілді. Осыған байланысты, аудан әкімінің орынбасары С.Тасқұлов, «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директоры Б.Шакибаев механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп отырған Қапланбек ауылдық округі аумағындағы «Рамадан» каналындағы және Қызылжар ауылдық округі аумағындағы «Шеңгелді» қашыртқысындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.  Осы орайда, бюджет есебінен жыл соңына дейін 35 бірлік су шаруашылығы нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, ұзындығы 5,4 шақырым келетін «Ащынау» каналында облыстық бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, жалпы ұзындығы 351 шақырым каналдар мен қашыртқылар ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 3330 га егістік жер қайта айналымға қосылып, 13680 га егістік жерге су беру мүмкіндігі жақсарады. Бұл дегеніңіз көкөніспен көптеп өсіретін ауданда алдағы уақытта ауыл шаруашылығы қарыштап дамиды деген сөз. Ағын судың арқасында егін бітік шығады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444