Ағын сумен қамтамасыз ету жақсарды

Түркістан облысында 2018 жылы 25 жоба ағымдағы жөндеу және 4 жоба механикалық тазалау жұмыстарына 1 281,1 млн тг қарастырылды. Нәтижесінде 9,8 мың га жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарып, 3,3 мың га жер көлемі қайта айналымға қосылатын болады. Бүгінгі таңда, 54 күрделі жөндеу жұмыстарының ЖСҚ-сы бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде. 7 жоба шілде айында қорытындылары дайын болады, 4 жоба мемсараптамада қаралуда, 14 жобаға мемсараптамамен келісім шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде, 11 жоба мемсараптамаға құжаттары жолдануда. Қалған 18 жобаның ЖСҚ әзірленуде. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 6 жобаның сметасы дайын. Яғни мұның барлығы да мал және ауыл шаруашлығын жоғары деңгейге көтеру үшін атқарылып жатқан шаруалар. 2018 жылға эпизоотиялық іс-шараларды атқаруға мемлекет тарапынан 31 млн. доза вакцина жеткізіліп, 14 аса қауіпті ауруларға профилактикалық және диогностикалық іс-шаралар жүргізуге байланысты 6 айлық жоспар толығымен орындалды. Аса жұқпалы ауруларға қарсы ауыл шаруашылығы жануарларын егу жұмыстарының веб порталдық базаға енгізілуі ірі қара мал облыс бойынша 79% құраса, (Отырарда 51%, Төлебиде 56%, Шардарада 71, Мақтаралда 72%),  уақ мал облыс бойынша 77% құраса (Созақта 39%, Шардара 46%, Отырар 48%, Төлеби 58%, Ордабасы 64%); орындалған. Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 570,1 млрд тг құрап, НКИ 103,9 пайызды құрайтын болады.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444