Көптің игілігіне – көгілдір отын

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданында 182 елдімекен бар болса, соның бүгінде 73-і көгілдір отынмен қамтылмаған. Бұл аудандағы елдімекендердің жалпы санының 40,1 пайызын құрайды. Өткен жылы облыстық бюджеттен 2 088,9 млн теңге 15 нысанның (13 елді мекен, 2 жеткізуші газ құбырлары) құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 14 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға қабылданды, 1 нысанның құрылысы 2018 жылдың соңында тәмәмдәлады.Сонымен қатар 17 елдімекенге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, салалық басқармаға ұсынылды. Биыл 14 нысанның (13 елді мекен, 1 жеткізуші газ құбыры) құрылысына облыстық бюджеттен 704,5 млн.теңге қаралды. Аталған нысандар 2019 жылы ел игілігіне берілетін болады. 1 нысан 2018 жылдың 31 шілдесіне қарай пайдалануға тапсырылады деп күтілуде. Таяуда ауданымызға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мырзаға да газдандыру жұмыстарының барысын баяндап, 73 елдімекенді газдандыру мақсатында облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілуін сұрадық. Көмектесуге уәде етті. Алла қаласа, алдағы бір-екі жылда аудан халқы 100 пайыз көгілдір отын тұтынатын болады. Жалпақ тілмен айтсақ, жыңғыл, қозапая жағып отырудан арыламыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444