75-80 центнерден өнім беруде

«Түркістан облысындағы Шардараның күріші басқа облыс пен республикаларда өсіріліп жатқан күріштерден әлдеқайда сапалы екенін шаршамай айтып келемін. Былтыр облыста өткен бір жиында тек Шардара ауданының өзінен 1000 тонна күріш шетелге экспортқа шығарылғанын басшылар айтып өтті. Ауылшаруашылығын әртараптандыру бойынша да күріштің пайдасы көп. Бұл дақылды еккен жерге арамшөп шықпайды, күріштен кейін оның орнына егілген кез-келген дақылдың өнімділігі бұрынғыдан әлдеқайда артық болатыны дәлелдеуді қажет етпейді. Ұзын ата ауылында биылғы жылы 180 гектар жерге күріш егілді. Баяғы кәсіпті жалғастырып келе жатқан Рахымберді замандасымызға рахмет айтамыз», — деді Мұрат Нұрпейісов.
Қазіргі ауа-райының шаруаларға қарасып тұрғанын айтқан Рахымберді Айтмырзаев осы бір жақсы кезді пайдаланып, өнімді жауын-шашынға ұрындырмай жинап алу үшін бар күшті жұмсау керек дейді. Биылғы гектар түсімі де ойдағыдай – 75-80 центнерден айналып отыр. Былтырғы жылы 26 гектарға еккен күріш салысын көрші Алатау батыр ауылындағы белгілі кәсіпкер Ержан Қарабаевтың диірменінде тартқызыпты. Алынған өнімнің 40 пайызын қолжетімді бағамен, яғни 150 теңгеден аудан көлеміне сатылымға шығарса, қалған 60 пайызы Ауғанстан мемлекетіне экспортқа шығарылған. Ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларына, балабақшаларға күріштен қарасып жатқан қайырымдылық шараларын талай мәрте айтып келеміз.
Ауыл тұрмысы мен жер жағдайын жетік білетін ұтымды ұйымдастырушы, білікті басшы, қайырымдылық шаралардың бел ортасында жүретін дархан пейілді азаматтың қырманына береке тілеп қоштастық.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444