Ағын судың артықшылығы көп

Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы бойынша 182 елді мекеннің 168-і (304 922 адам) орталықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілген, 14 елді мекенде су жүйелері салынбаған (1738 адам, 273 отбасы). Аудан бойынша құбыр суымен 304922 адам қамтылған, бұл аудан тұрғындарының 99,4 пайызын құрайды. Су құбырымен қамтылған 168 елді мекенге 8 су беруші мекеме қызмет көрсетеді. Олардағы абонент саны – 49 мың 233-ті құрайды. Құбыр суы бар 168 елді мекеннің 101 елді мекені-24 сағат, 6 елді мекені — 20 сағат, 34 елді мекені — 18 сағат, 22 елді мекені -12 сағат, 5 елді мекені 8 сағат. Жалпы ауданымызда 138 мың гектарға жуық суармалы егістік бар. 18 мыңға жуық шаруа қожалығы тіркелген. Негізгі күнкөріс – егіншілік, оның ішінде мақтаға басымдық беріледі. Көктем мен жаз айларында өңірде ағын су тапшылығы туындайтыны рас. Дегенмен бұл мәселелерді дер кезінде үкіметке жеткізіп, тиісті сала басшылары Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мемлекеттерімен келіссөздер жүргізіліп, оң шешімін тауып жатады. Өйткені ауданда негізгі мәселелердің бірі ағын су шаруашылығын дамыту болып табылады. Егіс көлемін және өнімділікті арттыру мақсатында 2017 жылы 51 дана ағын су қашыртқыларына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 134,04 млн.теңге бөлініп, Ш.Ділдәбеков, Қызылқұм, Атамекен, Қарақай және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округтеріндегі 107,71 шақырымдық ағын су қашыртқылары тазалаудан өткізілсе, 33 дана ағын су қашыртқыларына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 475 млн. теңге бөлініп, қаржы мақсатты жұмсалды. 2018 жылы бұл бағытта ауқымды жұмыстарды жүргізу қолға алынып отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444