Дәнді дақылдар көлемі артып отыр

Бүгінде Түркістан облысында ауылшаруашылығы саласы үшін қолайлы жағдайлар жетерлік.  Ағымдағы жылы 448 мың гектар суармалы жерді игеру тапсырмасы беріліп, 463 мың гектар немесе тапсырма 3,3 пайызға артығымен орындалды. 2018 жылы барлық техникалардың
2,6 пайыз жаңарту тапсырмасынан, есеп беру айында  520 техника жаңадан алынып, барлық техниканың 6,2 пайыз жаңарды. Бағдарламаның аудандар бойынша орындалуына келетін болсақ, егіс құрылымына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдары 820,5 мың га жерге орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 15,5 мың га артты. Облыс бойынша дәнді дақылдардың барлық егіс көлемі 280,9 мың га құрап, межеден (244,9 мың га) 35,9 мың га артты. Дәндік жүгерінің егіс көлемі 47,0 мың га немесе межеден (53,0 мың га) 5,9 мың га кеміген, ал 2017 жылмен салыстырғанда (37,4 мың га) 9,7 мың га артқан. Дәндік жүгері  межеленген көлемнен Шардарада 3,4 мың га (меже 6,4 мың га,  нақты 3,0 мың га), Арыста  -1,5 мың га (меже 2,5 мың га, нақты 1,0 мың га), Сарыағашта  -1,0 мың га (меже 10,0 мың га,  нақты 9,0 мың га) кем егілген. Майлы дақылдардың егіс көлемі 105,2 мың га құрап, межеден (110,4 мың га) 5,3 мың га кеміген.  Оның ішінде Бәйдібек-7,09мың га, Төлеби-3,8 мың га, Сарыағаш-0,6 мың га артығымен орындалған алдағы уақытта егістік көлемін көбейту жұмыстары жалғаса беретін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444