Егістік көлемі артып келеді

Түркістан облысында мақтаның егіс көлемі 129,7 мың гектарды құрап, межеден (105,0 мың га) 24,7 мың гектарға артып отыр. Шардарда межеден 12,5 мың га (меже 12,0 мың га, нақты 24,5 мың га), Мақтаралда 7,7 мың га  (меже 79,1 мың га, нақты 86,8 мың га), Ордабасы -2,3 мың га (меже 5,0 мың га, нақты 7,3 мың га), Түркістанда – 1,2 мың га (меже 8,0 мың га, нақты 9,2 мың га) артқан. Картоптың егіс көлемі 15,0 мың га (меже 14,9 мың га), бақша 61,3 мың га (меже 60,9 мың га) құрап, меже артығымен орындалды. Ал, көкөніс межеленген көлемде, яғни 37,8 мың га егілді. Мал азықтық дақылдардың егіс көлемін 190,3 мың га, оның ішінде көп жылдық шөптің егіс көлемін 135,0 мың га жеткізу межеленген. Жоңышқалықтың орнына басқа дақылдардың егілуінен мал азықтық дақылдардың барлық егіс көлемі 190,3 мың га құрап отыр. Атап айтқанда, Қазығұрт ауданында мал азықтық дақылдардың егісі 11,8 мың га (меже 32,4 мың га, нақты 20,6 мың га), Шардара – 8,1 мың га (меже 24,3 мың га, нақты 16,2 мың га), Мақтарал – 8,6 мың га (меже 17,6 мың га, нақты 9,0 мың га), Ордабасыда -3,2 мың га (меже 17,9 мың га, нақты 14,7 мың га), Бәйдібекте – 3,1 мың га (меже 10,3 мың га, нақты 7,2 мың га), Түлкібаста – 2,9 мың га (меже 29,3 мың га, нақты 26,4 мың га).  Барлық бау 21 600 га, оның ішінде интенсивті баулар 2 800 га, жүзім – 10 200 га, таңқурай – 208 га, жаңғақ шаруашылығы 350 га. Ағымдағы жылы қосымша интенсивті баулар – 940 га, жүзім – 570 га, жаңғақ 207 га алқапқа қосымша егілді. Республикадағы салынған жылыжайлардың 77%, тамшылатып суғару әдісінің 73% біздің облыста ендірілді. Тамшылатып суғару әдісі жаңадан 6 223 га ендіріліп жалпы көлемі 64,2 мың га жетті. Тапсырманы Бәйдібек-30%, Төлеби-58%ға орындаса, Жылыжай көлемін қосымша  86,7 га жылыжай салынып, барлығы 1 287,7 га жетті. Берілген тапсырманы Арыс қ. — 21,7%, Сайрам — 22%,Түркібас — 26%, Ордабасы – 53,1%, Мақтарал — 36,9% ғана орындады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444