17 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

17 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Түркістан шаһарындағы жаңадан құрылған «Отырар» мөлтек ауданында қазір 660 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Әр үйде 60 пәтерден болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан баспаналардың барлығы да 5 қабатты. Жобаның сметалық құны 4 млрд. 102 млн. теңге. Бұйыртса, алдағы екі жылдың ішінде баспана кезегінде тұрған түркістандықтар қоныс тойын тойлайтын болады.

Жаңа пәтерлер алдымен, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, апатты үй тұрғындарына және бюджеттік сала қызметкерлері мен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Айта кету керек, қазір Түркістанда 8 мыңнан аса тұрғын баспана кезегінде тұр. Бұйыртса, құрыш қолды құрылысшылардың арқасында ол мәселе кезең – кезеңімен шешілмек.

Мұхамедәлі Берікұлы — құрылысшы

Сондай-ақ, жеке инвестордың есебінен 360 пәтерлі 6 несиелік тұрғын үй бой көтеруде. Бұдан бөлек қазір тағы да 540 пәтерлі 9 үйдің инфрақұрылымдық желілері тартылып жатыр. Бұл баспаналардың  барлығы келесі жылы толық аяқталып, ел игілігіне беріледі. Сол кезде 1560 отбасы қоныс тойын тойлайды деп күтілуде. Сонымен қатар, құрылыс сапасына   аса зор  мән берілуде.  

Бердалы Омаров – «ТриА+»  құрылыс компаниясының  прорабы

Бір қуантарлығы – мұндағы жұмысшылар мен мамандарың барлығы  дерлік жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ, құрылысқа қажетті материалдар да отандық өнімдер. Бұл өз кезегінде көңілге де үлкен сенім ұялатқандай.

 Қазіргі уақытта Түркістан қаласында 162 мың халық тұрады. 2035 жылы Түркістан қаласының халқы 350 мыңға жетеді деген болжам бар. Ал 2050 жылы 500-ға жетпек. Ол дегеніміз — кем дегенде 200 мың пәтер. Ал, құрылысшылар болса осы уақыттың арасында 1 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй соғуымыз керек деп жоспарлап отыр. 

М. АТАБЕК                                              

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444