Уран барлаушы геологтардың еңбегі еленді

90 жылдыққа – 90 игілікті іс. Осы тақырыпты ту еткен теріскейліктер ауданның ғасырға жуық мерейтойы алдында 90 түрлі іс шара ұйымдастырды. Соның бірі — Созақ ауданында орналасқан уран кенiштерiн iздеп табу және барлау мақсатында құрылған «Волковгеология» мекемесінің 70 жылдық мерейтойы. Аталмыш мекеме аса зор стратегиялық маңызға ие болса да жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуда белсенділік танытып келеді, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

1948 жылғы қаңтарда Волков экспедициясы КСРО Геология министрлiгi жанынан қорғаныс кешенiнiң минералды-шикiзаттық қажеттiлiктерiн өтеу үшiн Қазақстан аумағында уран кенiштерiн iздеп табу және барлау мақсатында құрылған едi. 1979 жылы өндiрiстiк бiрлестiк дәрежесiне ауыстырылып, кәсiпорын аты — Волковгеология болып өзгертiлдi. 1992 жылдан — «КАТЭП» Атом энергетикасы және өнеркәсiбi кәсiпорындарының қазақ мемлекеттiк корпорациясы құрамындағы ашық акционерлiк қоғам, ал 2003 жылдан бастап акцинерлiк қоғам «ҚазАтомӨнеркәсiп» ҰАК құрамына ендi.

Дінмұхамед Молдаши –«Волковгеология»  АҚ басқарма төрағасы

«Волковгеология» кәсiпорны бүгiнге дейiн тыным таппай, өз орнын нықтап алды. Әу баста уран байлықтың көзi екенiне күмәнмен қарайтын басқа мемлекеттер елiмiздiң уран өндiру iсiндегi қадамдарына қызығушылықпен қарай бастады. Сондықтан да  аталған мекемеге  жаңа кен орындарын iздеп табу, барлау және игеру iсiн қарқынды жүргізу міндеті қойылды.  Ал өз кезегінде Созақ ауданында  орналасқан кеніш орындары  да жергілікті тұрғындарды  жұмысқа көптеп тартып, мамандар даярлай білді.

Бекзат Әлмағанбетов – Созақ ауданы әкімінің орынбасары

Бүгiнде «Волковгеологияда» үш мыңдай адам еңбек етедi.  Осы жылдар ішінде  Қазақстан     аймағынан  50- ге жуық кен орнын ашылып, 1,5 млн. тонналық уран қоры бар әлемдегi алып шикiзат базасы жасалды. Бұған қарапайым жұмысшылардың да қосқан үлесі зор екені даусыз.

Жолдас Жұматаев-ардагер –геолог

Теріскей аумағында орналасқан бұл мекеменің жергілікті жұрт   үшін шарапаты мол.  Сондықтан, игілікті істер аудан тарапынан да  тыс қалған емес. Ал 90 жылдық мерейтоймен тұспа – тұс келген  мерекеде ардагерлер құрмеке бөленіп, үздіктер марапатталды.

М. Атабек

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444