Тыңда жұмыс тындырымды

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы Тың елді мекені тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бүгінгі күнге «МБН» К ЖШС-гіТың елді мекені көшелеріне ауыз су құбырларын жүргізіп отыр. 2019 жылы Тың елді мекенінің тұрғындары толық ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Жемісті елді мекені Т.Толендіұлы көшесінің бойын абаттандыру «Аллея» құрылысын жүргізу үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп отыр.
Жемісті, Тың елді мекендеріне жаңадан қосылған көшелерге электр бағаналары мен желісін тарту мақсатында құрылыс алаңын таңдау актісі, келісілген схема, аудандық жер бөлу комиссиясының қорытындысы және жерге орналастыру жобасы дайындалып аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырылды. Бүгінгі күнге мемлекеттік сараптамадан өткізіліп құрылыс жұмыстарына 156 млн 318 мың теңге қаржы қаралып отыр. 2018 жылға Тың елді мекені Ақбастау көшесіне электр желілері мен трансформатор құрылысын жүргізуге 55 млн 693 мың теңге қаралып жұмыстар жүргізілетін болады. 2019 жылға Жемісті елді мекеніндегі Аппазов Әуелбек, Жемісті, Жаңақұрылыс көшелеріне электр желілері мен трансформатор құрылысын жүргізуге 102 млн 625 мың теңге қаржы қаралып отыр.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444