Толағай табыс түсіруде

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының кіші мәжіліс залында кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде мәселе қаралды,  Киелітас ауылдық округінің 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы Киелітас ауылдық округ әкімі Төребеков Полат Әшірбекұлы
2018 жылдың 9-айында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.
2. Салық түсімін ұлғайту бойынша құрылған жұмысшы топтың атқарған жұмыстары туралы аудан әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан баяндады.
Баяндамада Алатау ауылдық округінде анықталған демалыс орындар, қымызханалар, тұрғын үйді жалға беретіндер, азық-түлік дүкендер, жаңадан салынған ғимараттар тізімі бойынша құжатардың рәсімделгені туралы, жердің нысаналық мақсаты туралы айтты.
Аудан бюджетіне түсетін түсімдерді ұлғайту мақсатында құрылған №1 жұмысшы топтың Ленгер қаласында жұмыс жасап жатқан жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың жұмыс барысына талдау жүргізу бойынша атқарған жұмыстары туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ашрапов Мансұр Жанәліұлы баяндады. Бүгінде ауданда жеке кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді. Олардың басым бөлігі қызмет көрсету, өнім өндіру саласында нәпақа тауып, аудан бюджетіне толағай табыс түсіруде.
Күн тәртібінен тыс қосымша, аудан аумағында сайлаушылардың санын нақтылау жұмыстарының барысы туралы ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Саттарқұлов Ерғали Мүсірбайұлы хабарлап, жауаптыларға бақылауға алуларын сұрады.
Аудан басшысы баяндамалар барысында сұрақтар қойып, тапсырмалар берді. Сондай ақ аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне, балалардың спортпен айналысуларына мүмкіндік жасап, спорт залдардын ашық болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444