Жоспар толық орындалды

Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданының Жемісті ауылдық округінде 2 елді мекен бар. «ОҚО Агро өнеркәсәптік кешені 2017-2021 жылдарға дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы іске асырылатын жұмыстар туралы үш жақтама келісімдегі жоспарлы тапсырмалар түзіліп бекітілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. 2018 жыл барысында барлық егіс алқаптарын 611 га жерге жеткізу жоспарланған болатын, бүгінгі күнге ауылшаруашылық мақсатындағы 611 га жер игеріліп жоспар толық орындалды. Жылы жайлар көлемін 1 га ұлғайту жоспарланып, жоспар толық орындалды, тамшылатып суғару әдісін 32 га жерге ендіру қамтамасыз ету бір жылға жоспарланып, бүгінгі күнге 32 га жерге тамшылатып суғару әдісі орнатылып жоспар 100 пайызға орындалды.
Ауылдық округі аумағында мал шаруашылығына келер болсақ, мал басы негізінен жеке тұрғындар есебінде. Биылғы жылы 464 бас ірі қара, 643 бас қой, 30 бас жылқы бірдейлендірілді. Эпизотияға қарсы егу-емдеу және диагностикалық тексеру, жануарларды 15 түрлі ауруларына қарсы вакцина егу шаралары жоспарға сай жүргізілді. Сонымен қоса қаңғыбас ит, мысықтардың көзін жою мақсатында 7 рет шара ұйымдастырылып 83 бас ит, 1 мысық ауланып көзі жойылды.«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында бүгінгі күнде Жемісті ауылындағы ұңғымадан орталықтандырылған жүйе арқылы 540 абонентке толық суды жеткізіп беру мақсатында ауыл әкімдігі бақылау жүргізіп отырады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444