Шетел инвесторларымен кездесу

Түркістан инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда көш бастап тұр. Аумақта ауыл шаруашылығы да жандана түскен. Осы орайда «GOLDEN CAMEL» ЖШС қолға алған жобаның тиімділігі орасан. Бастамашыл топ Түркістан қаласының әкімімен кездесті, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Агросаланы дамыту ел межесі екені, игерілуге сұранып тұрған жобалар  мемлекет тарапынан қолдау табатыны айтылды. Кәсіпкер Янг Джи  түйе мен бие сүтін өңдеу ісі отандық тамақ өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығын дамытуға оң серпін беретінін жеткізді.  Қазір зауытта  құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бастапқы мақсат іске асса, құрғақ ұнтақ шығарылатын болады. Кәсіпкер мұнымен шектелмей, отандық өнімнің түрін көбейтуді көздейді. Ағарғанға алма, банан, құлпынай, шабдалы мәйегін қосып, түрлі шырындар мен қыз-келіншектерге арналған опа-далап шығарып, ауқымын кеңейтпек. Өндірілген өнімнің 95 пайызы шетелге экспортталады. Кездесуде зауытта қолға алынған нақты жұмыстар талқыланып, негізгі жоспарлар бекітілді. Янг Джи – инвестор: “Мен бүгін Түркістан қаласының әкімімен кездескеніме өте қуаныштымын. Қазір күніне 100 тонна түйе мен бие сүтін өңдейтін зауыт салып жатырмыз. Осы арқылы Түркістанның мал шаруашылығын дамытуға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге мүдделіміз. Екіжақты әріптестіктен ешкімнің де ұтылмасына сенімім мол”.

М.Әсембек

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444