Экспорттық серіктестер алпауыт елдер

Түркістан облысының  сыртқы тауар айналымы осы жылдың жарты жылында 928 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 169 млн. АҚШ долларына өсіп отыр. Сондай-ақ, тауарлардың экспорты 37 млн. АҚШ долларына көбейген. Экспорт бойынша облысымыздың жалпы экспортының негізгі серіктестері ретінде Нидерланды (39%) мен Өзбекстан (32%) мемлекеттері құрап отыр. Департамент басшысының айтуынша, өңірдегі тауарлар импорты 140 млн. АҚШ долларына немесе 34 пайызға көбейген.  Импорт бойынша облыстың негізгі серіктесі Қытай мен Өзбекстан мемлекеттері болып отыр. Атап өтетін жағдай,  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шафкат Мирзиеевтің бастамалары жаңа серпіліс әкеліп, нәтижесінде жыл басынан бері екі ел арасындағы экономикалық ахуал жандана түсті. Өздеріңіз куә болғандай, ағымдағы жылы «Атамекен» кеден бекетінің «Сырдария» және «Целинный» өткізу бекеттері ашылғаны, екі елдің ынтымақтастығы мен бірлігін арттырып қана қоймай, тауар айналымының өсуіне, сауданың дамуына да оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Сондай-ақ, департамент басшысы 2017 жылдың 1 жартыжылдық жұмыс қорытындысымен кедендік төлемдер мен салықтар өткен жылмен салыстырғанда 3,1 млрд. теңгеге артып, 113 пайызға өскен.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444