Құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталған инвестициялар мол
Түркістан облысы бойынша 2018 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталған инвестициялардың көлемі 72903 млн. теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 107,5% құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлемінде олардың үлес салмағы 61,5% құрады. Құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталған инвестиция салымдарының басым бөлігі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты – 48,8% немесе 35552,6 млн.теңге құрады. Тартылған қаражаттардан 46,5% немесе 33912,2 млн.теңге бюджеттік қаражат, 4,7% немесе 3437,8 млн.теңге банктердің кредиттері және басқа да қарыз қаражаттары. 2018 жылғы қаңтар-шілдеде қала бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталған инвестициялардың көлемі қала бойынша 271848 млн.теңгені немесе 2017 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 3,1 есе құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлемінде олардың үлес салмағы 71,8% құрады. Құрылыс-монтаж жұмыстарына бағытталған инвестициялардың жалпы көлемінің басым бөлігі банктердің кредиттері қаражаттары – 83,4% немесе 226654 млн.теңге құрады. Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты -10,4% немесе 28468,7 млн.теңге және 6,1% немесе 16635,7 млн.теңге бюджеттік қаражат құрады.