«Smart city» жобасы енді Орал қаласында
«Smart city» жобасы енді Орал қаласында…Биылдан бастап қала көлемінде «Ақылды қала» жаңа кешенді жобасын жүзеге асыру бағытында біршама жұмыстар атқарылады деп жоспарлануда. Жоба аясында барлық көшелерге жылдамдық өлшеу құралдарын, көпқабатты үйлерге бейнебақылау орнату көзделген. Аталмыш жобаны жүзеге асыруға инвесторлар есебінен 500 миллион теңге тартылмақ. «Smart city-2017» форумының өтілу барысында осы саладағы озық технологиясымен танылған шетелдік компаниялар өз тәжірибелерімен бөлісуінің арқасында туындаған жоба, қала тұрғындарына өздеріне қажет қоғамдық көліктің қай жерде келе жатқанын анықтау үшін мобильді қосымшаларды пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен швейцарлық кәсіпорындар ұсынған қуат үнемдеу құрылғылары жылу мен суға жұмсалатын шығын көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен қоршаған ортаны қорғау саласында да пайдалы тұстары аз емес. Бұдан өзге форум барысында ортақ әріптестік жөнінде меморандум жасасқан финляндиялық кәсіпкерлер де осы саладағы тың жобалардың жүзеге асуына ықпал етпек ниетте екендерін жеткізуде.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, қалалық жылыту жүйесін жаңғырту керек. Қазіргі уақытта жылыту жүйесі көптеген шығындарды талап етіп отырған көрінеді.
Өз сөзінде шаһар басшысы: «Қаланы толығымен «қауіпсіз қала» атандыру үшін бейнекамераларды мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында біз қоятын боламыз. Негізгі мақсат тұрғындарға қолайлы жағдай жасау. Ол бір күндік жұмыс емес. Биылға және алдағы уақыттарға да жоспарымыз бар» — деген болатын.
Айта кетейік, «Ақылды қала» жобасы еліміздің Орал қаласынан өзге де бірнеше өңірлерінде жүзеге асырылмақ.