Жамбыл облысында жалпыхалықтық диктант жазу акциясы өтті

Акция жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Республикалық көлемде өтіп жатқан латын әліпбиіне негізделген диктантты мемлекеттік қызметкерлер, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, облыстағы білім саласының қызметкерлері мен мектеп оқушылары, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, өңірдегі университеттер мен коледж студенттері тапсырып алдағы уақыттағы кезеңге қаншалықты дайындықтарын байқады.

Сондай-ақ, бұл күні университет қызметкерлері мен студенттері «Ашық диктант» акциясына қатысты. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ағымдағы жылғы 27 қыркүйектегі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысы хаттамасының 2-тармағына сәйкес «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 қараша күні сағат 11.00-де жалпыхалықтық диктант жазу іс-шарасы өтті.

Аталған шараға Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті атсалысып, белсенділік танытты. Университет бойынша ашық диктант жазуға 207 қызметкер мен 2793 студент ниет білдірді. Жалпы алғанда үш мың адам қатысты. Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін түсіндіру, тіл мәртебесін арттыру мақсатында диктант жазу университеттің жыл сайынғы дәстүріне айналады деп сенеміз.

Жалпыхалықтық акцияның өтуі еліміз бойынша тарихи сәт деуге болады. Елбасымыздың бастамасымен қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі қазіргі таңда практикалық тұрғыдан іске асуда. Үкімет басшысының тапсырмасымен бүкіл еліміз бойынша жер-жерлерде жаз­ылған диктант жұмыстарын алып, жинақтап, олардың қан­ша­­лықты емле-ережеге сай жазылғанын тексеріледі. Содан кейін әрқайсысына тиісті бағалар қойылмақ. Бұл жердегі негізгі мақсат – Елбасы бекіткен алфавиттің соңғы нұсқасына орай Тіл комитеті жасаған емле-ереженің жобасын халықпен бірге талқылау. Өйткені осы диктант жазу арқылы келіп түскен жұмыстарға сүйене оты­­рып халық әріптерді қалай қабыл­дады, мәтін жазған кезде көбіне қандай қателіктер кетеді, қандай мәселелерге мән берген дұрыс деген сұрақтардың жауабын алынып, Тіл комитетіне жолданатын болады. Олар рес­пуб­лика бойынша жи­нақталған мәлі­мет­терді сарап­тап, өздерінің қоры­тын­дысын шығара­ды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444