Шалғай ауылдағы мәселе назарға алынды

Шалғай жатқан ауыл-аймақтың мән-жайы қандай? Осы сауал бойынша облыс әкімі Асқар Мырзахметов жауапты мамандарға жақсарту жұмыстарын қадағалауды тапсырған болатын. Осыған орай, облыс әкімінің бас инспекторы Әлібек Терлікбаев  Шу ауданына қарасты Қонаев ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Шу ауданына қарасты Қонаев  ауылында қордаланған мәселелер де жетерлік. Ауыл ақсақалдары кезек — кезек сөз алып ауылға керекті мәселелерге тоқталып бас инспекторға жеткізуге тырысты. Қонаев ауылы Шу ауданындағы ең үлкен ауыл, мұнда бір мың екі жүзден астам үй бар. Ауыл тұрғындарының айтуына қарағанда алты мыңға тарта халқы бар ауылда Мәдениет үйінің және спорт кешенінің жоқтығын айта отырып жылда осы мәселе аудан, облыс басшыларына жеткізетіндігін алдарына тартты. Сонымен қатар, ауылға кіре берісіндегі облысқа тиесілі Шатыркөл кен орыннан тасылатын жүк көліктері өтетін көпірдің апатты жағдайда тұрғанын айтты. Ауыл тұрғындарының көбісі аудан орталығына қатынап жұмыс істейді. Көпірдің бүгінгі ахуалы ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін алаңдатып отырғаны шындық. Көпір арнайы құжатпен рәсімделіп, апатты деп танылған. Бас инспектор Әлібек Терлікбаев көпірдің басына келіп, мән-жайдың анық-қанығымен танысты. Ә.Терлікбаев мұны әрі қарай аудан әкімімен бірге талдап, облыс әкімінің атына ұсыныс беретіндігін айтты. Мұнан бөлек, ауыл тұрғындары Шатыркөл кен орнынан теміржол арқылы тасымалданатын кеннің құрамындағы улы заттардың ауаға таралатыны, ондағы қалдықтардың адам денсаулығына зиянды екенін айтып шағымданған болатын. Бұл мәселені де бас инспектор көкейіне түйіп, алдағы уақытта шешімін табуға ынталы екенін жеткізді. Сондай-ақ, облыс әкімінің бас инспекторы Әлібек Терлікбаев ауыл сыртынан орналасқан «Берекелі – 2016» мал сою алаңының жұмыстарымен танысып ол жерде де мәселелер туындағанын көрді. Мал сою бекетін қолға алған кәсіп иесі он бір милиион теңгені мемлекеттен субсидия ретінде қаралғанын, ал қалған 11 млн. теңге несие есебінде берілгенін айтты. Алайда, бекет толық аяқтан тұрып кету үшін әлі де жеңілдіктерге мұқтаж. Жиын барысында бұл мәселе де өз алдына сөз болды. Ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдаған  инспектор түйіткілді мәселелерді қағазға түсіріп, облыс әкіміне жеткізетіндігін айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444