Сауат арттыру семинары өтті
Қоғам өмірінде діннің алатын орны бөлек. Өйткені дін әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда елеулі рөл атқарады. Облыс әкімдігі дін істер басқармасының тапсырысымен құқық қорғау қызметкерлері мен «Дін тану» негіздері пәні мұғалімдерінің дінтанулық сауаттарын арттыру мақсатында облыстық семинар өтті.
Дін қоғамның ең қажетті және негізгі тармағы. Дінсіз қоғамда тәртіпсіздік пен қылмыс етек жаятыны белгілі. Бүгінгі шарада сөз болған басты мәселелер де осы. Аталған азаматтардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген семинарда, елімізге танымал жоғары дәрежелі лекторлар дәріс оқыды.
Еркебұлан Есмаханов, Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының бөлім басшысы: — Семинар барысында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне деструктивті діни бағыттағы азаматтармен қалай жұмыс жасау керек, олармен қандай келіссөз жүргізу қажет сынды мәселелерді түсндіру. Дінтану пәні мұғалімдеріне оқушылыларға дінтану пәнінің өзектілігін, қандай мәселелерді оқушыға айту керек, неге мән беру керек осы тақырыптар төңірегінде семинар өрбитін болады.
Аталған сала қызметкерлері бас қосқан жиында, діндегі радикалды ағымдардың қоғамға қауіп-қатері, өзге дін өкілдерімен жұмыс жасауда қарым қатынасты сақтау жайы сөз болды және бөтен идеологияны меңзейтін ағымдардың бір ғана отбасынан бастап бүтіндей мемлекетке іріткі сала отырып, қауіп төндіретінін дәлелді мысалдармен түсіндірді. Жиынды, дәріс оқушы ғалымдар сұрақ- жауап ретінде еркін фоматта жүргізді.
Жамбыл Иманбеков, Байқадам орта мектебінің мұғалімі:
-Облыста болып жатқан семинар заиырлы дінтану негіздері туралы болып жатыр. Қазіргі заманға сай жастарды жаман жолға апармау мәселесінде тақырып қозғалып жатыр.
Семинарға қатысушыларға, сыңаржақ діни ағым өкілдерімен жұмыс жасаудың тәсілдері мен ерекшеліктері жайы да кеңінен түсіндірілді. Діндарлардың діни-радикалды немесе экстремистік ағымдардың қатарларына кіруіне себеп ретінде, олардың діни сауаттылық деңгейінің төмендігін атап көрсетуге болады. Экстремистік және террористік іс-әрекеттері үшін сотталғандардың көбісінің арнайы діни білімі жоқ. Олар дінді жат діни топтардың идеологтарының дәрістерінен үйренетін болған. Бастапқы діни сауаттылық деңгейі төмен болған соң, жаңа адепттер идеологтардың насихаттарындағы деструктивті элементтерді байқай алмайды. Сондай- ақ, жастар мен жасөспірімдер арасында өткізілетін іс-шаралардың санына емес, сапасына назар аудару қажеттілігі айтылды.