Ұстаз рухына құрмет

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы ел ішінде сәтті жүзеге асып, оң нәтиже беруде. Байзақ ауданы Көктал ауылында осындай жобалардың бірі  «Мектепке тағзым» акциясы  ұйымдастырылды. Талай жыл білім саласында талмай еңбек еткен Қалыбек Қайпұлдаевты еске алып, спорттық турнир өткізілді.

Акцияға үзеңгілес жолдастары мен өзі еңбек еткен білім ошағының ұстаздары жиналды. Ән мен жырдан шашу шашып, естеліктерімен бөлісті.

Ерік Әліқұлов  — досы:  

«Теңіз суы­ның дәмін бір тамшысынан-ақ байқауға болатыны сияқты, кез келген тақырыпта әңгіме өрбіте қалсаңыз, ол кісінің сөз саптауы, сергек ойы сиқыршыдай арбап алатын», деп еске алады әріптестері. Ал ең бас­ты­сы, айналасына  қамқорлық көрсетіп, жастарды патриоттық рухта тәр­бие­леуге ат салысты.

Аят Кашкимбаев  — Көктал орта мектебінің директоры

Артында қалған ұрпағы мектепке демеушілік көрсетті. Шара білім мекемелерінің қатысуымен спорттың волейбол түрінен өткізілген турнирмен жалғасты.

1982-2009 жылдар аралығында Көктал орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі,  директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметтерін абыроймен атқарған Қайпұлдаев Қалыбек Зауытбекұлын еске алуға арналған ерлер арасындағы волейболдан турнирге сегіз команда қатысты. Мектеп мұғалімдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын жандандыру, дене шынықтыру, спортпен шұғылдану ісін жалпыландыру, мұғалімдер арасында волейбол ойынын кеңінен насихаттау мақсатында өткен жарысқа Көктал, Бурыл, Ы.Алтынсарин, Дихан, Гоголь, №50, №44 орта мектептер мен ауылдық әкімшілік құрамасы қатысты. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өткізілген соң, жарыс көрігі қыза түсті.
Жеңіске деген жігерін танытқан Көктал ауылының құрама командасы барын салып, комбинациялық ойын өрнегін көрсетіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Жүлделі екінші, үшінші орындарды Гоголь мен Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің командалары өзара бөлісті. Жүлделі I, II ,III орындарды жеңіп алған командалар арнайы ауыспалы Кубоктармен және Дипломдармен марапатталды.
Турнир барысында өздерінің үздік ойынымен көзге түскен ойыншылар ұйымдастырушылар тарапынан номинацияларға ие болды. Өз кезегінде аудандық партия филиалы турнир ұйымдастырушыларын Алғыс хаттармен марапаттады.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444