Қарттарымызды қуантып жүрейік

Қарттар күніне арналған мерекелік шаралар қалада да, ауылда да жалғасын тапты.  Өкінішке орай, өңірде 3 бірдей қарттарға арналған орталық жұмыс істейді.  Солардың біріне, атқамінер азаматтар бас сұғып, хәл жәйін сұрасты. Ал, аудандардағы қазыналы қариялар да бұл күні назардан тыс қалған жоқ.

Бүгін қаладағы № 2 арнаулы қызметтер көрсету орталығында  тақиялы аталарымыз бен ақ жаулықты апаларымыздың құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты жиын жыл сайын өтіліп, қарттарымызды мәз-мейрам қылып келеді. Оларды  қуанту үшін эстрада әншілері мен қала жастары өнер көрсетіп, кешті ән-күймен әсемдеді. Бүгінде бұл қызмет көрсету орталығын 155 қария мекендеп, күн көруде.

Карпинский Александр – Орталық тұрғыны

/Ең алдымен барлық қарияларды мерекесімен құттықтаймын. Қызметкерлердің арқасында осы жерді мекен етіп, олардың қамқорлығын сезінудеміз/

Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларын өсіріп, қартайған шағында қараусыз қалған қариялардың тағдыры қиын. Осындай қиын шақта қарияларға азда  болсын  көңіл аударып, мұңын тыңдап көмектесіп жүрген азаматтар аз емес. Жамбыл ауданында үлкенге құрмет көрсетілетін мерекеде жағдайы төмен отбасылармен, қартайғанда  жалғыз қалған қарияларды қолдап Облыстық «Қызыл ай» қоғамдық қоры игі іс атқарды. Жылына бір келер мерекеде сыйлықтарын таратып, кең пейілмен жайылған ақ дастархан түрлі дәмге толып, өнерпаздар кішігірім кеш ұйымдастырды.

РАХЫМБЕК ЖАПАРОВ, АСА АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Т.Рысқұлов ауданында ақ жағалылар ауыл-ауылды үйме-үй аралап, елге еңбегі сіңген, жасы ұлғайған кісілерді құттықтап шықты. Соның бірі – Шамшабек Қораласбаев.Екі Еңбек Даңқы орденінің иегері егде тартқан шағында қол қусырмай, шаруасын жайқалтып, соның арқасында ырзығын тауып отыр. Еселі бейнетінің арқасында мерекеде омырауына тағыда бір төсбелгі тақты. Мереке жалғасын тауып, қарияларымыз жайылған дастархан басында концерттік бағдарламаға куә болды.

Берік Әбдісаттарұлы Әліпбаев/ Құлан ауылдық ақсақалдар алқасының төр ағасы

Еңбектерінің  зейнетін көріп отырған шақта қарттар  ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емес. Еліміздің қанат жайып, өркендеуіне, ұрпақтарының жарқын келешегіне тілекші қарияларымыздың арамызда алаңсыз, аман-сау жүруі маңызды. Сондықтан қандай болсын құрмет көптік етпес.

http://taraztv.kz/kz/news/society/karttarymyzdy-kuantyp-zhureiik

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444