ШЫМКЕНТ: «АҚ МЕШІТ» СТУДЕНТТЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында алғыш рет «Ақмешіт» студенттер үйі ашылды. Жеке қайырымдылық мақсатта жұмыс істейтін мекеме 120 орынды. Дәріс алушыларға үш мезгіл тамақ пен жатақхана қарастырылған студенттер үйінде барлық жағдай бар.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаевтың айтуынша, студенттер үйіне, негізінен көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары қабылданады.

Мекеменің ашылу рәсіміне ҚМДБ өкілдері, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай және Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қатысты.

«Ақмешіт» жеке қайырымдылық мекемесінің директоры болып Мұхамеджан Естеміров тағайындалды. Айта кетсек, алдағы уақытта осындай тағы төрт мекеме ашу жоспарланып отыр. Бүгінде құжаттар рәсімделуде.

(с) Тагабай Касымов

Фото: Береке Сейітжаппар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444