Шымкент: Мәслихат депутаты қоғамдық қабылдау өткізді
«Nur Otan» партиясының «30 Қайырымды іс» жобасының аясында, партияның Шымкент қалалық филиалында мәслихат депутаты Керімбаева Наргиза Абайдуллақызы онлайн және офлайн режимінде қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдау барысында барлық азаматтардың мәселелері тыңдалып, оң шешімін табу жолында жұмыстар атқарылатынын айтты.
Қала тұрғыны Б.Айтмахамбетов жұбайына ҚР азаматтығын алуға көмек сұрады. Әйелінің жеке куәлігі жоқ, тек туу туралы куәлігі бар және ерлі-зайыптылардың екі баласы бар. Олардың
өтініштері толыққанды тыңдалды. Құжат рәсімдеу жолы заң аясында толық түсіндірілді.
Мұнан соң тұрғын Д.Қалдыбаева Наргиза Абайдулалқызына өз өтінішін жеткізді. Әйел Өзбекстан азаматшасы, тұрмыста, бірақ некесі жоқ. Алты баланың анасы, АСП және балаға тиесілі жәрдемақыны балалардың әкесі алады, балаларына бермейді. ҚР азаматтығын алуға көмек сұрауда. Өтініш толық қанды тыңдалды. Шешу жолдары қарастырылуда. Құжат рәсімдеу жолы заң аясында толық түсіндірілді. «Mobil Plus Komek» ҚҚҚ есебінен азық-түлік табысталды.
Ал Л. Исмаилова есімді тұрғын мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алады. Баласы Эльмурадтың диагнозы ДЦП, І топ мүгедегі. Куйеуі жұмыссыз, әлеуметтік көмек пен мүгедек арбасын сұрауда. Бұл азаматшаға да «Mobil Plus Komek» ҚҚҚ есебінен азық-түлік табысталып, мұқтаж жандар есебіне тіркелді. Алдағы уақытта «Mobil Plus Komek» ҚҚҚ материалдық көмек көрсетеді.
Тұрғын М.Кайынов екінші әйелінің үш баласын асырап алғысы келеді және бұрынғы әйелін ана құқығынан айыру өтінішімен келді. Сонымен қатар тағы да депутатқа өтінішпен келген азамаша Алтаева Н. мүгедек жан, әлеуметтік көмек сұрауда. Mobil Plus Komek» ҚҚҚ есебінен азық-түлік табысталды. Кикабаева К. есімді тұрғын бұрынғы жұмыс орнына қайта оралуына немесе басқа қоғамдық жұмыспен қамтуын сұрады.