ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМАДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
Департамент жанынан құрылған облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Жетісай аудандық жұмыспен қамту орталығының ұжым қызметкерлерімен жүздесіп, парасатты қоғамды қалыптастыру бойынша келелі жиын өткізді.
Жиын барысында сөз алған Е.Тұңғышбаев Агенттіктің бастамасымен халықпен сындарлы сұхбат құру және адалдық және тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында құрылған Штабтың негізгі бағыттарын ортаға салып, көлеңкелі қылмыстың жолын кесу — әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралу Кодексіне енгізілген толықтырулармен таныстырып, заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтарды алу және беру бойынша көрілетін жауапкершіліктің күшейтілгенін мәлімдеді.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.