СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ЖИЫН ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 16 маусымында Жетісай ауданына арнайы сапарымен барған Е.Тұңғышбаев аудандық құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мамандары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мақсатты жиын өткізді.
Тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу мәселелері қозғалған шарада Е.Тұңғышбаев сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол берген лауазымды тұлғаларға көрілетін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын ескертті.
Бұған қоса, пара берушілерге ең жоғары жаза 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса, қазіргі жаңа Заңнамаға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі жылға дейін ұлғайтылып, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа жататынын, сондай-ақ делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері есеге ұлғайтылып, бизнесті қорғауды күшейту контексінде, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында да Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілгенін атап көрсетті.
Сондай-ақ, күшіне енген ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Агенттіктің құзіреттілігі кеңейгендігін мәлімдеп, ол бойынша енгізілген толықтырулармен таныстырды.
Жиын соңында Штаб төрағасы ұжым қызметкерлерін адалдық идеялогиясын қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444