ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ТҮЗЕТУЛЕР БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ЖИЫН СОЗАҚ АУДАНЫНДА ӨТТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Созақ ауданында болып, аудан әкімдігіне қарасты тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, мемлекеттік активтер және сатып алу, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінде болып, адалдық идеялогиясын қалыптастыру бойынша жиын өткізді.
Жиында жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы мен бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға берілетін ақшалай сыйақы мөлшері баяндалды.
Түсіндіру жұмыстарының соңында Ерұлан Тұңғышбаев аталған жаңа Әкімшілік Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілгенін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған мемлекеттік орган басшылары Кодекстің 680-681 бабы шеңберінде айыппұл төлейтінін және қызметтен тыс қаржыландыру көзімен айналысқан мемлекеттік органдарға 1,8 млн.теңге айыппұл салынатынын жеткізді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444