Тіл – достықтың кілті, бірліктің бастауы, ұлттың жаны

Қазақ тілі — біздің бабаларымыздан аманатталған ана тіліміз. Оны қастерлеп, қадір тұту әр қазақ баласының қасиетті борышы. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін үйренуге тырысуы керек. Олар сол арқылы қазақ халқына деген құрметін көрсетеді. Жамбыл облысында бұл күндері 87 этнос пен 25 этноорталық өкілдері тату тұрып жатыр. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру және «Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесіне орай Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі «Тілге құрмет – елге құрмет» байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты — Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының маңызды факторы ретінде түрлі ұлттар мен ұлыстар достығы мен бірлігін дамыту, ІІД қызметкерлерінің мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді үйренуіне, тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейтуге, тіл байлығын дамытуға байланысты қолдау көрсету, ынталандыру, марапаттау, олардың қызметтегі кәсіби әлеуетін дамыту. Байқауға ІІД басқарма, дербес бөліністерінің, Жергілікті полиция қызметінің және Тараз қ. ІІБ,1,2-полиция бөлімдерінің қызметкерлерінен құралған топтар қатысты. Атаның қаны, ананың сүтімен дарыған асыл тіліміздің мерейін өлең шумақтары арқылы асқақтатты. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырған ішкі істері  мамандары арнайы марапатқа ие болды.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Сондай-ақ, Тараз қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық жастар форумы өтті. Бұл күні әсіресе жастар белсенділік танытты. Шара барысында тіл жанашырлары мен белсенді жастарға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің, Тіл саясаты комитеті төрағасының, облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444