ЕМХАНАЛАР СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТКЕ ӨТЕДІ
«Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бастамасымен Түркістан қаласындағы емханалар қызмет көрсетудің сервистік форматына көшеді.
Бұл жөнінде қаладағы емханалардың бас дәрігерлерімен өткен жиында қоғаммен, қызмет алушылармен кері байланысты арттыру үшін бас дәрігерлердің жеке кабинеттерін 1 қабаттағы шағын бөлмелерге ауыстыру, емханаларға біркелкі брендбук әзірлеу, қызмет алудағы кедергілерді жою және қызмет алуды оңтайландыру, цифрландыру мәселелері көтерілді.
Жобалық кеңсе тарапынан жоспар бойынша пилотты режимде тек Түркістан қалалық емханасын оңтайландыруға алу көзделген болатын.
Алайда, аталған өзгерістерге қаладағы басқада емханалар ерекше қызығушылық білдіретінін мәлімдеді, сондай – ақ жеке емханалар сервистік форматқа көшуге белсенділік танытып отыр.
Қызмет көрсетудің сервистік форматында – қызмет алушының барлық талаптары ескеріліп, ыңғайлы әрі жылдам, кедергісіз қызмет ала – алатын болады. Сонымен қатар, бас дәрігерлер кабинеті балалар алаңына айналады. Баласымен келген қызмет алушылар баласын балалар алаңына қалдырып, емін – еркін ыңғайлы қызмет алады.
Анықтама бұрыштары, құжатттама бұрышы, өз — өзіне қызмет көрсету бұрыштары біріктіріліп, ХҚКО (Халыққа Қызмет Көрсету) форматына ауысады. Қызмет көрсетушілер киім үлгісінеде мән беріліп отыр.
Бұл ретте, мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылардың қажеттіліктеріне жіте назар аударылатын болады. Олар үшін — қызметкер шақыру батырмалары, пандустар, автотұрақтар, сүйемелдеуші қызметкерлер жаңа форматта жұмыс жасайтын болады.
Сондай – ақ, кез келген қызмет алушы тікелей бас дәрігерге кіріп консультативті көмек алуға, шағымдануға мүмкіндігі бар.
Егерде сіздердің денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын оңтайландыруға бағытталған ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз болса:
13regiontaa@gmail.com
+7778 949 66 26
Қоғам пікірі басты назарда!