ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ, ОЛАРДЫҢ ҚАУЫМДАСТЫҚТАРЫНЫҢ (ОДАҚТАРЫНЫҢ) ҚҰҚЫҚТАРЫ
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңның 41 бабына сәйкес уәкілетті органға және өзге де мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактісін қарауға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге, тауардың тұтынушылық қасиеттерін, оған сұранысты зерделеуге, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін халыққа сауалнама жүргізуге және өтініштер, шағымдар қабылдауды жүзеге асыруға.
Тұтынушының өтініші, шағымы келіп түскен жағдайда тауардың (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгінуге және тұтынушылардың мүдделеріне, оның ішінде тұтынушылардың айқындалмаған тобының мүдделеріне орай сотқа талап-арыз беруге құқылы.
Шымкент қаласы бойынша
Сауда және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаментінің
бас маманы Д.Сейтаев