Ауыл шаруашылығынан алда

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданының негізгі саласы ауыл шаруашылығы. Осы тұрғыдан 2018 жылғы жарты жылдықта ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5893,2 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112,5 пайызға артқан.

Оның ішінде мал шаруашылығының өнім көлемі  114,3 пайызды (5806,8 млн теңге) құраса, өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 55,3 пайыз болды (86.4 млн  теңге).

Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жандандыру мақсатында 2017-2018 жылдары ауданда 25 кооператив құрылды. Оның ішінде «Арыстанды KZ» кооперативі мен «Құбылай» кооперативтері молдульді сүт қабылдау бекетін алып, жұмыс жүргізуде.

Ауданда етті бағыттағы 3 қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой шаруашылықтары («Ержан», «Бердібай», «Қуаныш» шаруа қожалықтары) мен асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылықтары («Байтах» өндірістік кооперативі, Жеке кәсіпкер «Алшынбаева», жеке кәсіпкер «М.Назарбаев», жеке кәсіпкер Н Сихимбаев) жұмыс жүргізуде. Биылдан бастап репродукторлық шаруашылықтар төлдерін сатуды бастайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444