Таңқурайдан мол өнім

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданының «Ауданның 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін дамыту» бағдарламасына сәйкес ауданда егістік жерді игеру жоспары 91,7 мың га болса, нақты 94,3 мың га (1102,8%) игерілген. Өткен 2017 жылы егістік жер көлемі 90,1 мың гектарды құраған болатын. 2017 жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда үстіміздегі жылы егістік жердің көлемі 104,6 пайызға немесе 4,2 мың гектарға артық игерілді.

Биылғы жылы ауданға 40 га жерге  таңқурай өсіру тапсырмасы берілген. Ауданның таулы аймақтарында жеке қосалқы шаруашылықтарда таңқурай өсіріліп, тапсырма толық орындалды.

Жылыжай құрылысы бойынша 2 га тапсырма берілсе,  нақты 4,5 га орындалды.

Суармалы жер көлемін ұлғайту бойынша 150 га қосу керек болса,  тапсырма 100 пайызға орындалды.

12 940 га алқапқа аудан агроқұрылымдары терең қопсыту технологиясын ендіріп,  егіс еккен. Тапсырма 12 мың га болды, нақты 107,8 пайызға орындалды.

Шаян ауылында 10 га жүзім егілді (жоспар 10 га) 100 пайыз орындалды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444