Саланы дамытып, сапалы өнім алу мақсаты тұр

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында бүгінде мал шаруашылығын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде мал басын көбейтіп, мал бордақылаумен айналысатын, сүт өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын өндірістік кооперативтер көп. Жанұялық мал бордақылау алаңдарын құру бойынша  Түлкібас ауданында 4 ауыл шаруашылық кооперативі бар.  Түлкібас поселкесінен – «Мираш», Кемербастау  ауылдық окруігінен «Жаулыбай», Арыс ауылдық округінен «Асин», Рысқұлов  ауылдық окруігінен «Қазақбай» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері табысты жұмыс атқарып келеді. «Мираш» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі мүшелері мал бордақылау мақсатында «Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан» несие алып, жұмыс жасауда. Ауданымызда мал шаруашылығы бойынша ірі қара мал саны 54219 бас, қой 99177 бас, ешкі 4053 бас, жылқы 27357 бас, түйе 16 бас, құс 81065 басты құрап отыр. Майлыкент ауыл округінде жеке кәсіпкер Шынаркүл Құрманбаева 1000 басқа арналған құс фермасын салып, жұмыртқадан 8,7 мың дана өнім өндірді. Осылайша мал шаруашылығы тұрақты дамып, жұмыс орындары ашылып, даму үстінде. Саланы дамытып, сапалы өнім өндіру мақсаты тұр.

 

Ж.Жанұзақов

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444