Балық өңдеу зауытына сұраныс көп

Оңтүстік Қазақстан облысында балық шаруашылығының өрісі кеңейіп, оны Еуропа елдерінің нарығына шығару көзделуде. Осы саланы дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы мамандары балық шаруашылығын қолға алып келе жатқан Шардара ауданында бас қосты. Шардарадағы «Хамит» өндірістік кооперативінде балықтың 10 түрі әзірленеді. Сапалы өнім шығаратын кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға дейін балық өңдейді. Жалпы өнімнің 70 пайызы Ресей, Германия және Израиль сынды елдерге экспортталса, ал 30 пайызы ішкі нарыққа саудалануда. Жалпы облыста бүгінде 3 балық өңдеу зауыты мен 28 балық шаруа қожалығы бар. Бұл кәсіпорындарда жылына 6 мың тонна балық өңделеді. Алдағы уақытта да осы саланың даму көкжиегін кеңейтіп, субсидиялау мәселесін шаруаларға түсіндірген Оңтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы басқарма басшысының орынбасары балық шаруашылығында коопертивтер құру арқылы өнімнің көлемін ұлғайтуға болатынын жеткізді. Балық шаруашылығын кәсіпке айналдырған Шардарада бүгінде 3 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның ішінде «Хамит» және «Шардара балық – 1» кәсіпорындары өз жұмыстарын жолға қойып үлгерген. Ал өткен жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде тағы бір зауыт іске қосылған. Балық өңдеу кәсіпорында 40 адам жұмыспен қамтып отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444