Жобаның тиімділігі мол

Экономикалық өрлеудің басты шарты өндірістің дамуынан ғана тұрмаса керек. Жұмыссыздықты жою да бір парасы болып табылса керек. Түркістан облысында азаматтардың өз бейіміне қарай қайта даярлау курсынан өтуіне мүмкіндік бар. Білім алып, кәсіп үйренемін деушілерге мемлекеттен қолдау да мықты. Мәселен, облыстық индустрия-құрылыс колледжінде қазір Арыс қаласы мен Төлеби ауданының 50-ге тарта жұмыссыз тұрғыны кәсіптік білімге машықтануда, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Тәуелсіз мемлекетіміз дамудың даңғыл жолында. Алға қарай ілгерілеудің бірден-бір тиімді жолы – жұмыссыздықпен күресу. Осы мәселені оңтайландыру мақсатында қолға алынған жоба тиімділігін көрсетіп отыр. Нұрлан Ерғазы, облыстық индустрия-құрылыс колледжі директорының орынбасары: “Жұмыспен қамту бүгінгі таңда түрлі бағдарламалардың аясында жүзеге асып келеді». Сәбит Қарабалаев – Арыс қаласының тұрғыны. 3 перзенттің әкесі талай жылдан бері тұрақты жұмыс таппай сабылған-ды. Енді міне, жергілікті жердегі жұмыспен қамту бөлімі арқылы қайта даярлаудан өтуде. 3 ай мерзімінде «дәнекерлеуші» мамандығын меңгеріп, сол арқылы екі қолға бір күрек ұстамақ. Әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелерін қайта даярлаудан өткізу ісі кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Бұған дейін Ордабасы, Отырар аудандарының тұрғындары білім алса, ендігі кезек түлкібастықтар мен қазығұрттықтарға тиеді. «Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы негізінде қолға алынған жоба азаматтардың жаппай жұмыспен қамтылуына септігін тигізбек. Осының негізінде аймақта жыл басынан бері 50-ге тарта азамат түрлі мамандық бойынша білім алды. Олардың 300-ден астамы тұрақты жұмысқа орналасып үлгерді.

П.Биназарқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444