Жаңа облыстың дамуындағы ерекшелiктер

Түркістан облысы деп аталған өңіріміздің экономикалық әлеуеті зор. Қазіргі облыс  аумағы 116 095 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ендігі таңда жаңа әкімшілік құрылымның дамуы оның экономикалық әлеуетін қалай пайдалануына байланысты, деп хабарлайды okg.kz. Облысымыздың  экономикалық   әлеуеті  4 негізгі элементтен құралады. Біріншісі – табиғи-экологиялық әлеует. Екіншісі – ресурсты-өндірістік әлеует. Ол өндірістік капиталдың түрлі элементтерінің нақты формаларында қызмет етіп, нақты ақшалай формаға ие болады: негізгі және айналым капитал, айналыс қорлары және айналым құралдары.Үшіншісі – еңбек әлеуеті. Төртіншісі – аймақтың сыртқы экономикалық байланыстарынан (экспорт пен импорттың арақатынасы) және бюджетті-қаржылық қатынастардан (бюджетаралық қатынастар жүйесі, трансферттер, субсидиялар мен субвенциялар жүйесі) құралады. Жаңа құрылған облыс елеулі өндірістік-экономикалық әлеуетімен ерекшеленетіндіктен, экономикасының қалыпты дамуын қамтамасыз ету үшін қоғамдық өндірісті дамытудың территориялық факторларын, олардың салалық факторлармен ұтымды үйлесімділігін күшейту қажет. Қазақстандық экспорттың дәстүрлі тауарларына қатысты әлемдік нарық конъюнктурасы айтарлықтай ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісіне, оның ішінде көкөністер мен жеміс-жидектерді өсіруге мамандану республиканың осы өңірінде сақталған. Жаңадан жасалған бас жоспарға сәйкес бүгінде облысымызда инфрақұрылымдық жүйелерді және көліктік-логистикалық бағытты дамыту жолдары қарастырылуда. Қазігі таңда облысымыздың экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші – өнеркәсіп көрсеткіштері. Халыққа қызмет көрсетудің сапасы жоғарылап, құрылысты инвестициялау және денсаулық сақтау объектілері, халыққа білім беруді әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және өнер саласының дамуы айқындалған. Сондықтан облысымызды дамыту үшін оған қосымша қаржыландыруды ұсына бермей, дамуына түрткі болатын талап қойған да жөн.

Қ. Қалықұлов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444