Асыл тұқымды мал басын көбейтуде

Түркістан облысында бүгінде мал бордақылаумен айналысатын шаруашылықтар жетерлік. Ірі қара малды семіртіп сатудан бөлек оны өңдеумен айналысатын өндіріс орындары көбейіп келеді. Әу баста Бәйдібек ауданы Боралдай елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер М.Назарбаев «Сыбаға» бағдарламасы аясында 93 бас «Абердин -Ангус» ірі қара малын сатып алған болатын. Етті, сүтті малдың бабын тапсаң берекесі де көп. Кәсіпкердің негізгі көздеген мақсаты  ірі қара мал тұқымын 2000 басқа жеткізіп, асыл тұқымды репродукторлы шаруашылыққа айналдыру болатын. Көздеген межесіне жетуге де аз уақыт қалды. Етті де, сүтті де молынан беретін малды күтіп баптаудың өзі оңай емес. Жем шөбі нәрлі, тұратын қора жайына дейін жағдайы жасалған болуы тиіс. Күтіп-баптаудың арқасында  мерзімі жеткенде әр аталық бас 700 келіге дейін ет береді. Яғни, күтімді ақтайды. Аталған  елді мекеннен 10 азамат жұмыспен қамтылып, ірі қара малдарды баптау жұмыстарымен айналысуда. 2015 жылы құрылған шаруашылық қорасында бүгінде 154 асыл тұқымды мал басы бар. 3500 гектар жері бар қожалық алдағы уақытта мал басын 2 мыңға жеткізуді жоспарлауда. Малға қажетті жем-шөпті өздері дайындайды. Еліміздегі қарапайым ақбас сиырларға қарағанда өнімі мол ірі қараның алдағы уақытта өсімін ұлғайтуды да межелеп отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444