Өңірлік өнім көлемі артып келеді

Түркістан облысындағы Төлеби ауданында биыл «Болашақ нұры» сүт өнімдерін өңдеу цехы іске қосылмақ. Тартылатын инвестиция көлемі 52 млн. теңгені құрайтын цех жылына 250 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін болады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі. Ағымдағы жылы іске қосылатын жобалардың қатарында ЖК «Әли» мал бордақылау алаңына тартылатын инвестиция көлемі 130 млн. теңге. Цех жылына 5 мың тонна ет өнімдерін өндіреді деп күтілуде. Құс шаруашылығын дамытуда ауданда «Ленгер құс» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативін құрылған. Бүгінгі таңға кооперативтің 2 мүшесі “Қайнар құс” ЖШС мен 10 мың құс әкелуге келісімшартқа тұрған. Сондай-ақ, «Шымкент құс» ЖШС құс етін өндіру және өндеу комплексі іске қосылады. Ондағы тартылатын инвестиция көлемі 894 млн. теңге. Комплекс жылына 2000 тонна тауық еті өндіреді деп жоспарлануда.2018 жылы ауданда “Газпромнефть-Битум Казахстан” ЖШС битум зауыты модернизациялаудан өтеді. Тартылатын инвестиция көлемі 400 млн. теңге. Модернизациялау арқылы зауыттың жылдық өнім көлемі 300 мың тоннаға дейін артатын болады. Аудандағы жалпы ауыл шаруашылық саласының өнім көлемі өткен жылы 32 млрд. 256 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,9 пайызды құрады. Ауыл шаруашылық кооперативтері бойынша 20 кооператив құрылды. 2020 жылға қарай қарқынды алма бауының көлемін 124 гектарға дейін ұлғайту межеленіп отыр. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін ағын сумен толық қамту үшін «Қарақуыс» және «Ақбастау» су тоғандарын іске қосу көзделуде. Аймақтағы жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылы 88 млрд 467,4 мың теңгені құраса, өнеркәсіп саласында 25 млрд. 219 млн.  теңгенің өнімі өндірілген.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444