«Тассай» индустриалды аймағында биыл 7 жоба жүзеге асады

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы «Тассай» индустриалық аймағында жалпы құны 19 млрд 684 миллион теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылады. Бұлар индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Нәтижесінде 720 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Аймақта ірі жобалар жүзеге асырылады деп күтілуде. Соның бірі «Asia Trafo» ЖШС-нің трансформатор зауыты биылғы екінші тоқсанда ашылмақ. Серіктестік 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформаторлар шығарылмақ. Кәсіпорын іске қосылғанда 400 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Айта кетейік, кәсіпорындағы жоба құны 17,5 млрд теңгені құрайды. Мамандар мұнда жылына 120 трансформатор шығаруды жоспарлап отыр. Ал дайын өнімдер Қазақстан мен ТМД елдерінде сатылмақ.  Жалпы, қала маңындағы «Тассай» индустриялық аймағының жалпы аумағы 89 гектарды құрайды. Мұнда бүгінде жалпы құны 37 млрд 948 млн теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобалар толық іске асса, 1631 жұмыс орны ашылмақ. Бұл облыс тұрғындары үшін де тиімді. Одан бөлек облыс қазынасын қомақтыландыруға да қомақты үлес қосатын жобалар болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444