Қарқынды баудың қарымы жоғары
Түркістан облысында тамшылатып суару әдісімен тез өсетін қарқынды баудың көлемі ұлғайған. Жалпы, өңірдегі барлық баудың көлемі 21 мың 600 гектарға жеткен, деп хабарлайды 24.kz. Ал оның ішінде 2 мың 800 гектары қарқынды баулардың үлесінде. Мәселен, Қазығұрт ауданында оның көлемі 453 гектар болса, биылдың өзінде қосымша 80 гектар жерге егілген. Неміс технологиясымен отырғызылған жеміс ағаштарында алманың итальяндық сұрпы өсіп тұр. Биыл ауданның 90 жылдық мерейтойына орай, шаруалар 90 мың тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Тау баурайында піскен жемістер қазір Алматы, Астана, сондай-ақ еліміздің Солтүстік облыстары мен Ресейге экспортталып жатыр. Ал өңірде тамшылатып суару әдісі 6 мың 223 гектар аумаққа енгізіліп, жалпы көлемі 64 мың 200 гектарға жеткен. Марат Жолдасов, Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы: — Біздің ауданда 2414 гектар жалпы бауымыз бар. Жеміс бауы, жүзім бауы. Оның 453 гектары қарқынды. Өнім биылға жаман емес. 160 центнер гектардан алмамыз жемісіміз айналып жатыр. Ал жүзіміміз, ең соңғы дерек бойынша, 20,5 гектар теріліп болды. Ол 155 центнерден түсіп, қазір 703 тонна өнім жиналып отыр.