Толымды іске оң бағасын берді

Бүгін Түркістан облысындағы Түлкібас ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты А.Бейсенбаев жұмыс сапарымен келді. Арнайы іссапармен өңірге ат басын бұрған Сенатор аудандағы ауылшаруашылығы мен құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстарды шолып өтті. Атап айтар болсақ, ауданымыздың ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бірі «Мөлдір» ЖШС-нің алма бау мен бидай алқабы және «Құлый» магистралді каналының қазіргі жағдайымен танысып, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатқан Түркібасы әулесінің аумағын аралады. Ауданда атқарылып жатқан толымды істерге оң бағасын берді. Алма баудың отаны саналатын Түлкібаста бау шаруашылығын бұдан да ары арттыру қажеттігін тілге тиек етті. Ал астық ору науқанын қызу жүргізіп жатқан шаруашылықтың да жұмысын жоғары деп бағалады. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы соғылып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына тоқталып, аудан аумағынан өтетің «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» автодәлізінің Шақпақ ауылындағы тунельдің құрылысының жұмыс барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444