«Үміт-СД» серіктестігіне артылар үміт мол
Түлкібастағы ІІ-ші әк тастарын өңдейтін кен орны «Таутехнологиятресі» тарапынан 1937 жылы қазба тау-кен мәселесі іздестіріліп зерттелген. Бұл жұмыс Өзбек ССР және Қырғыз ССР Халық комиссиараттары жергілікті өндіріс салаларының келісімдері негізінде атқарылады. Тау-кен өндіріс орны одан құрылысқа қажетті әк тастарын өндіруге арналған завод орналастыру болып табылды. Ол зауытты іске қосу барысында Фрунзе қаласында жылына 100 мың тонна әк өндіру керек болатын.
Осы мақсатқа жету бойынша Кеңестер Одағы тамақ өндірісі Министрлігіне қарасты Совет Одағы Тас Қант өндірісінің тапсырмасын орындау барысында бүкілодақтың Құрылыс-техникасы зерттеу тресі тарапынан кен орнын ашуға жұмыстар атқарылады. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде қант заттарын өндіруге қажетті әк тастарының жеткілікті көлемде екендігі есептеліп оны бекіту қарастырылады. «Үміт-СД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – әк тастарын өңдеуші өндіріс орны болып аталады. Өндіріс орнының негізі атқаратын жұмысы әк тастарын өндіру болып саналады. Кәсіпорынның шағарған заттары тек Қазастанда емес, сонымен қатар ТМД елдеріне де белгілі. ПЧ-52-Түлкібас жол дистанциясының алғаш іргесі 1928 жылы қаланған. 1928-1948 жылдар кезеңінде Түркістан-Сібір темір жолының 14-ші жол дистанциясы деп аталынды. 1948-1958 жылдар аралығында Түркістан-Сіібр темір жолының 16-шы жол дистанциясы.2001-2002 жылдары ЕМК *Инфрақұрылым* АЛ. 2002 жылдар 01.04.2004 дейін *Қазақстан темір жолы* Ұлттық компаниясы* ЖАҚ 52-ші Түлкібас жол дистанциясы, 01.04.2004 ж бастап *Қазақстан темір жолы* Ұлттық компаниясы АҚ 52-ші Түлкібас жол дистанциясы филиалы деп аталынды.