Индустрияландыру жұмыстарына оң баға берді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков пен облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімі Бақыт Асанов жергілікті жердегі индустрияландыру жұмыстарының жай-күйіжәне ауыл шаруашылығының даму барысымен таныстырды.

Ең алдымен облыс әкімінің орынбасары Мақтааралдың жаңа орталығы болған Мырзакент кентіндегі бірнеше нысандарды аралап көрді. Атап айтқанда, кенттегі күрделі жөндеуді қажет ететін Қажымұқан атындағы орталық стадионның, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері жайғасқан №120 жалпы орта мектептің және күрделі жөндеуден өтіп жатқан Мақтаарал ауданы әкімі аппараты ғимаратының жағдайымен танысты. Аудан әкімі Б.Асанов облыс әкімінің орынбасарынанМақтааралдың жаңа орталығында көптеген жобалар мен жұмыстар жасау үшін келер жылы облыстық және республикалық бюджеттен үлкен қаржы бөлуге ықпал жасауды сұрады.

Мұнан соң Е.Тасжүреков Мақтаарал ауданының индустриялды аймағына барды. Мұндағы мақта теру маусымына орай қызу жұмыс жасап жатқан «Береке-ММА» мақта тазарту зауытын тамашалады. Ағымдағы жылы Мақтаарал ауданының индустриалды аймағында 1 жоба, келесі жылы 2 жоба, арғы жылы тағы 1 жоба іске асырылып, 200-ден астам адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылатын болады.

Айта кетейік, облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков институт ғалымдарының жұмыстарына дән риза болды.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі   

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444