Орта Азиядағы алып зауыт
Түркістан облысына арасты Түлкібас ауданындағы әк зауыты кезінде КСРО теміржолына бағынғандықтан Одақтық маңызы бар әлемге әйгілі «Байқоңыр» құрылысына да ауданымызда бірінші болып үлес қосқан алып кәсіпорынның бірі. Ол кезде Байқоңырдың аты аталмайтын. «Аз-Транспром» трестің құжатында «Совершенно секретно» деген жазу болатын. 1956 жылы Совнархоз құрылғанда, әр республика өз аумағына қарасты зауыттарды өздеріне қайтарып алды. «Аз-Транспромда» 8 зауыт қалды. Олар Қызылордадағы кірпіш зауыты, Байғақұм қамыс зауыты, Семей облысындағы Суықбұлақ әк зауыты, Бек карьері және Семей құм зауыты, Жамбыл облысындағы Жамбыл кірпіш зауыты, Шымкент облысындағы- Түлкібас әк зауыты. Зауыт еліміздегі тың игеруден бастап түрлі ірі құрылыстарға өзіндік үлесін қосты.Түрксіб құрылысынан бастап, зауыттың барлық деңгейдегі жұмыстары қол күшімен атқарылған. Карьерде үлкен балғалармен тас талқандау жұмыстары, оларды ат арбаға, өгіз арбаларға қолымен артқан. Ол тастарды жер пешке әкеліп қолымен қалау, күйдірілген әкті сұрыптау, ол сұрыпталған әкті вагондарға зембілдермен арту жұмыстардың барлығы жұмысшылардың қара күшімен жасалған. 1997 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Адибеков Қарқырбек басқарып отыр. Мекемеде 115 адам жұмыс істейді.