ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІ
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 40-бабына сәйкес Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары “Сауда қызметін реттеу туралы” заңда ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме өнім берушінің сатып алу бағасының 15% — ынан аспайтын деңгейде болуы міндетті, яғни ӘМАТ тізіміндегі өнімдердің 19 түріне сауда үстеме бағасы 15%-дан аспауы тиіс.
Егер Сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңыз бен заңды мүддеңіз бұзылса, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 42-2-бабына сәйкес, сатушыға/дайындаушыға/орындаушыға бұзушылықтарды жою және келтірген залалды өтеу туралы наразылықпен өтініш жасауға құқығыңыз бар.
«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңын бұзушылықтар анықталған жағдайда 9-бапта көзделген әкімшілік іс қозғалады және ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады «Ішкі сауда субъектісінің сауда қызметін реттеу туралы ҚРЗ белгілеген ӘМАТ-қа сауда үстемесінің 15% мөлшерінен асып кетуі әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған «ескертуге» әкеп соғады ШК субъектілеріне — 10, ОК субъектілеріне -75, ІК субъектілеріне – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.